Жамбыл облысында «Педиатриялық сағат» өтті
Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сержан Назарбектің төрағалығымен жоспарлы «Педиатриялық сағат» кеңесі өтті.
Жиында өңірдің педиатриялық және неонаталдық қызметінің негізгі мамандары баяндама жасады. Басқарманың штаттан тыс бас педиатры Әсел Шорманова 2024–2025 жылдардағы нәресте өлім-жітімінің көрсеткіштеріне талдау жасап, аймақтағы неонаталдық өлім-жітім динамикасын ұсынды.
Ал учаскелік педиатриялық медициналық көмек (УПМП) және балалық шақ ауруларын ықпалдастыра жүргізу (ИВБДВ) бағдарламаларының үйлестірушісі Бағила Бегманова 0–5 жас аралығындағы балалар арасындағы басқаруға болатын себептерден болған нәресте және бала өлім-жітім жағдайларын саралады.
Меркі аудандық орталық көпбейінді ауруханасы бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары Жандос Шамшибек үй жағдайында тіркелген нақты бір өлім жағдайына жүргізілген талдау нәтижесін баяндады. Аталған жағдай бойынша Бағила Бегманова тарапынан тиісті ескертулер беріліп, қорытындылар шығарылып, облыстың медициналық ұйымдарына нақты тәжірибелік ұсынымдар ұсынылды.
Кеңес қорытындысы бойынша денсаулық сақтау басқармасының басшысы өңірде нәресте және бала өлім-жітімін төмендетуге бағытталған бірқатар нақты тапсырмалар мен ұсынымдар берді. Негізгі шаралар қатарында бастапқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарының басшыларына арналған семинарлар өткізу, патронаждық мейіргерлерді, жалпы тәжірибелік дәрігерлерді және қабылдау бөлімдерінің қызметкерлерін шұғыл медициналық көмек көрсету мен пациенттерді сұрыптауға оқыту, патронаж қызметінің штаттық құрамын толықтыру, сондай-ақ УПМП және ИВБДВ бағдарламалары бойынша үйлестірушілерді бекіту көзделген.
Сонымен қатар балалар мен жүкті әйелдерді патронаждық қызметпен қамтуды тұрақты бақылау, FSM Social мобильді қосымшасы арқылы отбасыны қолдау орталықтарымен ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту және қиын өмірлік жағдайларда әрекет ету алгоритмдерін бекіту қарастырылған.
Аталған шаралардың барлығы медициналық көмектің сапасын арттыруға, ана мен ерте жастағы балалардың денсаулығын тиімді қорғауға, сондай-ақ алдын алуға болатын нәресте және бала өлім-жітімін азайтуға бағытталған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-densaulyk/press/news/details/1183920?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау