Бүгін ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы Айбек Шілманов Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мен Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің облыстық департаменті қызметкерлерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында “Мемлекеттік қызмет туралы” жаңа заңдағы өзгерістер түсіндіріліп, мемлекеттік қызметшілердің кәсіби әдебі, қызметтік мәдениеті және сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру мәселелері талқыланды.
Өз сөзінде департамент басшысы “Адал азамат” қағидатың маңыздылығына тоқталып, мемлекеттік қызметшілердің ішкі мәдениетін жетілдіру, мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру, халықпен ашық әрі сенімді байланыс орнату қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар, әдеп нормаларын сақтау мен жемқорлыққа жол бермеу – басты міндеттердің бірі екеніне ерекше назар аударды.
Кездесу барысында мемлекеттік қызметтің жаңа гибридті үлгісін енгізу, жеке және квазимемлекеттік сектордан білікті мамандарды тарту, сондай-ақ «Е-қызмет» цифрлық іріктеу жүйесі арқылы ашықтық пен меритократия қағидаттарын нығайту бағытындағы жұмыстар да таныстырылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-aktobe/press/news/details/1183735?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау