ТҮРКІСТАНДА КӨКПАРДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ
Бүгін Түркістан қаласындағы жаңа атшабарда көкпардан әлем чемпионаты басталды. Дүбірлі додаға әлемнің 9 елінен командалар қатысуда. Атап айтқанда, Ауғанстан, Қытай, Мажарстан, Моңғолия, Ресей Федерациясы, Тәжікстан, Өзбекстан, Түркия және Қазақстан құрамалары бас жүлдені өзара сарапқа салады.
Жарыстың салтанатты ашылу рәсімінде Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Аманбай Нұрмұханбетов, Бүкіләлемдік Көкпар қауымдастығының президенті Данияр Қобыландин, жарыстың бас төрешісі Жанысбек Саев, сондай-ақ көкпардан Кеңес Одағының 9 дүркін чемпионы, ардагер спортшы Әбілхан Дауылбаев қатысушыларға сәттілік тілеп, құттықтау сөз сөйледі.
17-19 наурыз күндері топтық кезең ойындары өтіп, үздік шыққан командалар жартылай финалға жолдама алады. 20 наурызда жартылай финалдық кездесулер ұйымдастырылса, 21 наурыз күні шешуші ойындар өтіп, чемпион мен жүлдегерлер анықталады. Айтулы жарысты ұйымдастыруға Дүниежүзілік Көкпар қауымдастығы, Қазақстан Республикасының Көкпар федерациясы, Ұлттық және ат спорты орталығы және Түркістан облысының әкімдігі бірлесіп атсалысуда. Әлем чемпионатының жалпы жүлде қоры – 30 миллион теңге.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
________
В ТУРКЕСТАНЕ СТАРТОВАЛ ЧЕМПИОНАТ МИРА ПО КОКПАРУ
Сегодня в новом ипподроме в Туркестане стартовал чемпионат мира по кокпару. В соревнованиях принимают участие команды из 9 стран мира. В частности, Гран-при разыграют сборные Афганистана, Китая, Венгрии, Монголии, Российской Федерации, Таджикистана, Узбекистана, Турции и Казахстана.
На торжественном открытии соревнований с приветственным словом к участникам обратились заместитель председателя комитета по делам спорта и физической культуры министерства туризма и спорта Республики Казахстан Аманбай Нурмуханбетов, президент Всемирной Кокпарской ассоциации Данияр Кобыландин, главный судья соревнований Жанысбек Саев, а также 9-кратный чемпион Советского Союза по кокпару, спортсмен-ветеран Абильхан Даулбаев.
17-19 марта пройдут игры группового этапа, где лучшие команды пройдут в полуфинал. 20 марта будут организованы полуфинальные встречи, 21 марта пройдут решающие игры, определятся чемпионы и призеры. В организации знаковых соревнований принимают участие Всемирная ассоциация Кокпара, Федерация Кокпара Республики Казахстан, Национальный центр конного спорта и акимат Туркестанской области. Общий призовой фонд чемпионата мира – 30 миллионов тенге.
Региональная служба коммуникаций Туркестанской области
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kogamdyk-damu/press/news/details/1183693?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау