Аққулы ауданында «Даналық мектебінің» мүшелері Наурызнама аясында ұйымдастырылған «Ұлттық киім» күніне орай оқушыларға арнап сәнді ұлттық киімдер тігіп, дайындады. Бұл игі бастама жас ұрпақтың ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын арттырып, қазақ халқының бай мәдени мұрасын кеңінен насихаттауға бағытталды.
Шара барысында оқушылар ұлттық киімдердің ерекшеліктерімен танысып, олардың тарихы мен тәрбиелік мәні туралы тың мәліметтер алды. Әсем өрнектермен көмкерілген киімдер көпшілік назарына ұсынылып, арнайы көрме ұйымдастырылды.
Ұлттық нақыштағы бұл бастама өскелең ұрпақтың бойында ұлттық болмысқа деген құрметті арттырып, салт-дәстүр мен мәдениетке деген сүйіспеншілікті нығайта түсері сөзсіз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-edu/press/news/details/1183889?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау