Жастар үн қосқан маңызды кездесу

Жарияланды:

Автор:

категорияда

“AMANAT” партиясы Байзақ аудандық филиалының “Жастар рухы” жастар қанатының ұйымдастыруымен қабылданған жаңа Конституция аясында жастар арасында «Бір толқында» атты диалогтық алаң өткізілді.
Аталған іс-шараның басты мақсаты – жастардың ел дамуына деген көзқарасын қалыптастыру, Конституциялық реформалардың маңызын түсіндіру және ашық пікір алмасу алаңын құру болды. Кездесу барысында қатысушылар өз ойларын ортаға салып, өзекті мәселелерді талқылады, сондай-ақ ел болашағына қатысты ұсыныстарын білдірді.
Диалогтық алаң еркін форматта өтіп, жастардың белсенділігі мен азаматтық ұстанымын айқын көрсетті. Мұндай кездесулер қоғамдағы бірлік пен өзара түсіністікті нығайтып, жас буынның ел тағдырына бейжай қарамайтынын дәлелдейді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-bayzak/press/news/details/1184515?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version