Қамысқала ауылдық округінде 16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күніне орай тағылымы мол іс-шара ұйымдастырылды.
Аталған шара барысында қазақ халқының бай мұрасы мен рухани құндылықтарын дәріптеу мақсатында ұлттық салт-дәстүрлер кеңінен насихатталып, көрініс түрінде көпшілікке ұсынылды. Атап айтқанда, «Бесікке салу», «Тұсау кесу», «Қонақ күту» сынды дәстүрлер сахналанып, көрермендерге ерекше әсер сыйлады.
Іс-шараға ауыл тұрғындары, жастар мен оқушылар белсенді қатысып, ұлттық құндылықтарға деген құрметтерін көрсетті. Мұндай шаралардың басты мақсаты – өскелең ұрпаққа ата-бабадан қалған салт-дәстүрлерді таныстыру, олардың маңызын түсіндіру және ұлттық рухты нығайту болып табылады.
Мерекелік шара жоғары деңгейде өтіп, қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-kamyskala/press/news/details/1185406?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау