18 наурыз күні сағат 15:00-де Теміртау Мәдениет сарайының би залында Теміртау қаласы әкімінің «Наурыз мейрамы-2026» мерекесіне арналған «Nauryz Ball party-2026» жастар балы өтті.
Теміртау қаласының әкімдігі, «Теміртау қаласының Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ және «Теміртау мәдениет сарайы» КМКҚ бірлесіп ұйымдастырған бұл жастар балына қаламыздың жұмысшы жастары, студент жастар және қаладағы жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары қатысты. Жалпы 50 жұп өнер көрсетті.
Іс-шараның мақсаты жастардың шығармашылық әлеуетін ашу, оларды түрлі шығармашылық қызмет түрлеріне тарту, эстетикалық және адамгершілік тәрбиесін қалыптастыру, сондай-ақ Наурыз мейрамын мерекелеудің әдет-ғұрыптары мен дәстүрлерін насихаттау болды.
Қыздар қазақтың ұлттық ою-өрнек элементтері бар стильдендірілген ақ немесе ашық түсті бал көйлектерін киіп, ұлттық әшекейлермен толықтырды, ал жігіттер қазақтың ұлттық ою-өрнек элементтері бар стильдендірілген костюмдерде өнер көрсетті.
Жастар балының бағдарламасында классикалық бал билері мен ұлттық хореографиялық қойылымдар орындалып, «Қазақ вальсі» мен «Вена вальсі» билері көпшілік назарына ұсынылды.
«Nauryz Ball-2026» жастар балының қазылар алқасына халықаралық санаттағы WDSF «А», спорттық би бойынша жоғары санатты жаттықтырушы, «Ронд» үлгілі бал би студиясының хореографы Бакенов Болат Рахымтайұлы төрағалық етті, ал мүшелері облыстық бос уақыт және халық шығармашылығы ғылыми-әдістемелік орталығы жанындағы «Қуаныш» үлгілі би ансамблінің көркемдік жетекшісі, «Құрмет» белгісінің иегері Тойболдина Айман Нұрланқызы және бас балетмейстер, Қарағанды академиялық музыкалық комедия театрының қоюшысы, «Құрмет» белгісінің иегері, «Мәдениет саласының үздігі», Қарағанды облысы әкімінің «Жылдың үздік хореографы» номинациясы бойынша лауреаты Судакова Татьяна Владимировна болды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/digital-nauryz/press/news/details/1185172?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау