🔸18 наурыз – Жаңару күні. Қостанай облысы Әділет департаменті бұл күнді цифрлық трансформациямен байланыстырып атап өтті, себебі заманауи технологияларды күнделікті өмірде тиімді пайдалану маңызды.
🔹Қызметкерлер ұлттық киім киген түрде қысқа ролик жасап, заманауи технология мен дәстүрлі мәдениетті біріктірді. Мұндай бастама дәстүр мен жаңашылдықты үйлестірудің символы болып, қызметкерлердің шығармашылық қабілеттерін көрсетуге, ұлттық мәдениетті дәріптеуге және мерекелік көңіл-күй қалыптастыруға мүмкіндік берді.
🔸Жаңару күні – өзгеріс пен жаңашылдыққа, дәстүрлерді сақтай отырып заманауи құндылықтарды насихаттауға бағытталған маңызды күн.
Қостанай облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1184728?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау