19 наурыз – Жаңару күні

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Наурыз мерекесін атап өту аясында Наурызнама күнтізбесіне сәйкес 19 наурыз – Жаңару күні. Бұл күн табиғаттың жаңаруымен қатар, қоғамның рухани жаңғыруын, салауатты өмір салтын қалыптастыруды және ұлттық құндылықтарды дәріптеуді көздейді.

Осыған орай, Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің қолдауымен еліміздің барлық өңірлерінде бұқаралық спортты дамытуға, ұлттық ойындарды кеңінен насихаттауға және тұрғындардың белсенділігін арттыруға бағытталған түрлі спорттық іс-шаралар ұйымдастырылуда.

Атап айтқанда, Ақмола облысында Целиноград ауданының Жаңаесіл ауылында ерлер арасында волейболдан турнир өтуде. Сонымен қатар, Қосшы қаласындағы ALAN дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде мектеп оқушылары арасында арқан тарту, мас-рестлинг, қол күрес және асық ату сияқты ұлттық спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылды.

Шортанды ауданында ұйымдар арасындағы спартакиада аясында және Наурыз мерекесіне орай қазақ күресінен аудандық турнир өтсе, балалар арасында да қазақ күресінен жарыстар өткізілуде. Ерейментау қаласында аударыспақтан аудандық финалдық жарыстар ұйымдастырылды.

Батыс Қазақстан облысында жастар арасында грэпплингтен облыс чемпионаты өтуде. Ал Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданында 2010–2012 жылы туған жасөспірімдер арасында қазақ күресінен ашық облыстық чемпионат ұйымдастырылды.

Алматы қаласында «Команда – отбасы» атты отбасылық құндылықтарды насихаттайтын командалық ойындар өтуде.

Жамбыл облысында Қордай ауданында волейболдан аудандық турнир ұйымдастырылса, Меркі ауданында ауыл тұрғындары арасында ұлттық ойындардан жарыстар, сондай-ақ асық атудан сайыстар өткізілуде.
Қарағанды қаласында мемлекеттік қызметкерлер арасында Наурыз мерекесіне арналған спорттық жарыстар ұйымдастырылса, Теміртау қаласында ұлттық ойындардан кешенді жарыстар өтуде.

Солтүстік Қазақстан облысында Шал ақын ауданында тоғызқұмалақтан аудандық біріншілік және қазақ күресінен ашық турнир өткізілуде.

Түркістан облысында да бірқатар ауқымды жарыстар ұйымдастырылуда. Арыс қаласында жасөспірімдер арасында баскетболдан ашық турнир өтсе, Түркістан қаласында TURAN CUP-2026 халықаралық футбол турнирі басталды.

Сонымен қатар, Қазығұрт ауданында жасөспірімдер арасында кіші футболдан ашық біріншілік, Сайрам ауданында жастар арасында
командалық көкпардан жарыс ұйымдастырылуда.

Төлеби ауданында қол күресінен ересектер арасында ашық біріншілік және жасөспірімдер арасында футболдан «Төлеби CUP» турнирі өтуде. Дермене ауылдық округінде ауыл тұрғындары арасында ұлттық спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылды.

Өткізіліп жатқан іс-шаралар тұрғындарды бұқаралық спортқа тартуға, ұлттық спорт түрлерін дамытуға және салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sport/press/news/details/1184986?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version