Білім мен табандылықтың нәтижесінде жоғары жетістікке жеткен оқушылар марапатталып, олардың еңбегі жоғары бағаланды. Нәтижесінде І орын – 69 оқушы, ІІ орын – 85 оқушы, ІІІ орын – 102 оқушы иеленді. Жалпы саны 256 оқушы марапатқа ие болды.
Аталған жетістіктер – оқушылардың тынымсыз еңбегі мен педагогтердің кәсіби шеберлігінің айқын дәлелі.
Салтанатты рәсім барысында халықаралық білім додаларында жоғары нәтиже көрсеткен Жетісу өңірінің дарынды оқушылары ерекше марапатталды. Сонымен қатар, жоғары нәтиже көрсеткен аудан/қала және мамандандырылған білім беру мекемелеріне «Үздік олимпиадалық команда – 2026» атағы берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-edu/press/news/details/1185099?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау