Абай облысы бойынша тексеру комиссиясы Семей қаласында дөңгелек үстел өткізді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Абай облысы бойынша тексеру комиссиясы Семей қаласында қала әкімі мен қалалық мәслихат төрағасының қатысуымен мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор өкілдеріне арналған дөңгелек үстел ұйымдастырды.Жиын барысында мемлекеттік бюджет қаражатын тиімді жоспарлау және пайдалану, қаржылық тәртіпті күшейту, сондай-ақ өткен кезеңдердегі мемлекеттік аудит нәтижесінде анықталған жүйелі қаржылық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, мемлекеттік секторда жиі кездесетін кемшіліктер мен бұзушылықтарды талдау барысында оларды болдырмау жолдары мен тетіктері қарастырылды.
Іс-шара қорытындысы бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасын қатаң сақтау, қаржылық тәртіпті нығайту және бюджет қаражатын тиімді әрі мақсатты пайдалану бойынша ұсыныстар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/revkomabay/press/news/details/1184798?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version