Айыртау ауданында интернет желісін дамытуға бағытталған меморандумға қол қойылды
Бүгін Айыртау ауданының әкімі Мейрам Меңдібаев «Транстелеком» басқарушы директоры байланыс желісін орнату және дамыту бойынша маңызды меморандумға қол қойды.
Бұл келісім аудан тұрғындарын сапалы әрі тұрақты интернетпен қамтамасыз етуге, сондай-ақ цифрлық инфрақұрылымды дамытуға бағытталған маңызды қадам.
Жоба аясында «All-Line» сауда белгісімен қызмет көрсететін «Қазақ Үй Желілері» (Казахские Домашние Сети) ЖШС жоғары жылдамдықты интернет пен цифрлық телебағдарлама қызметтерін ұсынатын болады.
Аталған провайдер өз магистральдық желілеріне ие және ірі байланыс операторларымен тікелей байланыс орнатқан. Бұл байланыс сапасының жоғары болуын қамтамасыз етіп, сенімді интернет қызметін ұсынуға мүмкіндік береді.
«All-Line» жеке және заңды тұлғаларға талшықты-оптикалық байланыс (Ethernet, GPON) арқылы жоғары жылдамдықты интернет, цифрлық телебағдарлама, деректерді беру қызметтері, магистральдық желілерді салу және байланыс арналарын ұйымдастыру қызметтерін көрсетеді.
Сонымен қатар жоба аясында «Шалқар су» шипажайы, балаларды сауықтыру орталығы және аудан орталығына жақын орналасқан елді мекендерде байланыс және интернет желісін одан әрі кеңейту бойынша жұмыстар талқыланды.
Бұл бастама аудан тұрғындарының өмір сапасын арттырып, білім беру, кәсіпкерлік және цифрлық қызметтердің қолжетімділігін кеңейтуге мүмкіндік береді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-airtau/press/news/details/1185498?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау