Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев Алматы қаласында орналасқан №11 мекемеге (кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған орташа қауіпсіздік мекемесі) барды.
Сапар барысында Омбудсмен сотталғандардың тұру жағдайымен, тамақтану сапасымен және медициналық қызмет көрсетумен танысып, азаматтарды жеке қабылдады. Артур Ластаев мекеме кітапханасына кітаптар табыстады.
№11 мекемесі – Қазақстандағы кәмелетке толмаған сотталғандарға арналған жеке камералық жүйесі бар алғашқы заманауи мекеме, ол 2025 жылғы 5 желтоқсанда ашылды. Жоба мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында халықаралық талаптарға сай жүзеге асырылды.
Колонияда сотталған жасөспірімдерді ұстауға қауіпсіз және психологиялық тұрғыдан қолайлы жағдайлар жасалған. Білім беру, тәрбие жұмысы және әлеуметтік бейімделу мәселелеріне ерекше көңіл бөлінеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman/press/news/details/1185003?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау