8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай, аяулы аналар мен қыз-келіншектерге арналған салтанатты мерекелік кеш ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында:
Мерекелік дастархан: Нәзік жандыларға арналып ақ дастархан жайылып, дәмді мәзір ұсынылды. Жиналған қауым жылы лебіздерін білдіріп, мерекелік көңіл-күйде бас қосты.
Концерттік бағдарлама: Өнерпаздар тарапынан әсем ән шырқалып, күмбірлеген күй тартылды. Аналар мен арулардың құрметіне арналған жүрекжарды өлеңдер оқылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kegen-zhylysai/press/news/details/1185245?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау