Өңір басшысына жеке мәселелерімен Көкшетау және Қосшы қалаларының тұрғындары жүгінді. Қабылдау барысында «Центральный» шағын ауданындағы үйлердің біріндегі инженерлік желілердің нашар жағдайы, Талапкер және Қажымұқан ауылдарын сумен жабдықтау жобасының мемлекеттік сараптамасын аяқтау, сондай-ақ Қосшы қаласындағы электрмен жабдықтау сапасы мәселелері көтерілді.
Көкшетау қаласының тұрғыны облыс әкіміне алғысын білдірді. Жалғызбасты ана 44 баланы тәрбиелеп отыр, ол 12 жыл күткеннен кейін осы жылдың қаңтар айында пәтер алған.
Киокушинкай каратэ жаттықтырушылары Еркебұлан және Меруерт Сейткалиевтер тұрақты спорттық база ұйымдастыру үшін ғимарат бөлу мәселесімен жүгінді. Қазіргі уақытта олардың жетекшілігімен 100-ден астам бала тұрақты түрде жаттығады. Оның ішінде шамамен 40 бала «DamuBala» мемлекеттік бағдарламасы аясында ата-аналар үшін тегін оқытылады.
Марат Ахметжанов мемлекеттік органдардың басшыларына тиісті тапсырмалар беріп, орындау мерзімдерін нақты белгіледі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/1185539?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау