Ақтау қаласы прокуратурасының бастамасымен қалалық мансап орталығында мемлекет алдында және алимент бойынша берешегі бар азаматтарды, сондай-ақ пробация қызметінің есебінде тұрған жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамтуға бағытталған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – борышкерлерді жұмысқа орналастыру арқылы мемлекет алдындағы және алимент бойынша берешектердің өтелуіне ықпал ету, сондай-ақ оларға құқықтық көмек көрсету болды.
Жәрмеңкеге 15-тен астам кәсіпорын қатысып, түрлі сала бойынша 70-тен астам бос жұмыс орнын ұсынды. Іс-шараға шамамен 80 азамат қатысты.
Жәрмеңке қорытындысы бойынша 28 азамат тұрақты жұмысқа орналасуға ниет білдірді, тағы 15 азамат жұмыс іздеуші ретінде тіркелді.
Бұл бағыттағы жұмыс жалғасатын болады.
Маңғыстау облысының прокуратурасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-mangistau/press/news/details/1185361?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау