Ақтөбе облысында 2026–2028 жылдарға арналған денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік әріптестік жөніндегі салалық келісімге қол қойылды.
Құжатқа Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ерлан Бахытұлы Сұлтангереев, «Qamqor» Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау кәсіподағының төрағасы Қайрат Қанатұлы Сабыр, дәрігерлер мен орта медицина қызметкерлері қауымдастығының президенті Мәжіт Хамитұлы Күзбаков, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Талғат Жақсылықұлы Искарин қол қойды.
Келісім тараптардың еңбек қатынастарын реттеу, жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, кадрлық әлеуетті дамыту және сала қызметкерлерінің әлеуметтік кепілдіктерін күшейту бағытындағы өзара іс-қимылын айқындайды.
Құжат әлеуметтік диалогты дамытуға, медицина қызметкерлерінің құқықтарын қорғау деңгейін арттыруға, қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге және әлеуметтік-еңбек жанжалдарының алдын алуға бағытталған.
Басым бағыттардың қатарында жас мамандарды қолдау, еңбекақы жүйесін жетілдіру, әлеуметтік кепілдіктерді кеңейту және медициналық ұйымдардағы еңбек жағдайларын жақсарту көзделген.
Келісім Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және халықаралық еңбек стандарттарына сәйкес әзірленген.
Аталған құжаттың қабылдануы Ақтөбе облысының денсаулық сақтау жүйесінде әлеуметтік тұрақтылықты нығайтуға және саланың одан әрі дамуына серпін береді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-inspection/press/news/details/1184733?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау