2026 жылғы 19 наурызда Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бас маманы Д. Бектұрсыновпен «Шиелі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» және «Шиелі аудандық отбасын қолдау орталығы» КММ-нің қызметкерлерімен ҚР Әлеуметтік кодексінің арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсынатын субъектілерді лицензиялау және арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер ұсынатын субъектілерді қаржыландыру, арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге тарифтер белгілеу қағидалары мен әдістемесінің, мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес қамтамасыз етудің заңнама нормаларын түсіндіру бойынша дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстел өткізу барысында Д. Бектұрсыновпен арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсынатын субъектілерді лицензиялау және арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер ұсынатын субъектілерді қаржыландыру, арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге тарифтер белгілеу қағидалары мен әдістемесі бойынша жүргізілетін жұмыстар туралы түсіндірілді.
Мекеме қызметкерлердің әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсынатын субъектілерді лицензия алуына, жан басына шаққандағы қаржыландыру, тарифтерді бекітудің жалпы әдістемесіне, мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес қамтамасыз етуіне қатысты сұрақтарына жауап берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-kyzylorda/press/news/details/1185055?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау