АСАР-2, ТҰРАН ЖӘНЕ БОЗАРЫҚТАҒЫ ЖАҢА ҮЙЛЕРГЕ – ЖАҢА ҚОНЫСТАНУШЫЛАР
🔷 Шымкентте баспана кезегінде тұрған тағы 30 отбасы жаңа пәтерлердің кілтіне ие болды. Қоныстанушылар қаланың қарқынды дамып, жаңа тұрғын орта қалыптасып келе жатқан Асар-2, Тұран және Бозарық шағынаудандарындағы үйлерге орнығады.
🔷 Пәтер кілттерін табыстау рәсіміне қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты. Айта кетейік, коммуналды үй қорынан берілген баспана толық емес отбасыларға, мүгедектігі бар азаматтарға, ерекше балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға, сондай-ақ, жетім және мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға табысталды.
🔷 Жаңа пәтерлер көп қабатты үйлерде орналасқан, инженерлік-коммуникациялық желілерге қосылған және қажет инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген. Бұл тұрғындарға бірден қоныстанып, үй-жайын реттеуге мүмкіндік береді.
🔷 Айта кету керек, үй кезегінде тұрған азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету жұмыстары кезең-кезеңімен жалғасуда. Пәтерлер жаңа үйлер пайдалануға беріліп, құжаттарды рәсімдеу аяқталған сайын тапсырылады.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-turgyn-ui/press/news/details/1184740?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау