Астанада инвестициялық жобасының дамуы талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

17 наурыз күні ҚР Бас прокуратурасының Инвесторлар құқығын қорғау комитеті және Астана қалалық прокуратурасының өкілдері «СВС-АСТАНА» инвестициялық жобасына барып, кәсіпорынның қызметімен танысып қайтты.

«СВС-АСТАНА» – коммерциялық көліктерге арналған кузовтарды құрастыруға, сондай-ақ жөндеу және техникалық қызмет көрсетуге маманданған заманауи жүк сервис орталығы. Оның жылдық қуаты – 50 кузов және 50 жаңа жұмыс орнын құруды көздейді. Нысанның жалпы ауданы – 2 000 шаршы метр. Жоба елордадағы өндірістік инфрақұрылымды дамытуда және автосервис пен машина жасау салаларындағы қызмет сапасын арттыруда маңызды рөл атқарады.

Сапар барысында инвестор жаңа қызметкерлерді тарту қажеттігін білдірді. Осыған байланысты Астана даму орталығы Жұмыспен қамту орталығымен білікті мамандарды жедел іріктеу мақсатында ынтымақтастықты бастауға бастамашылық етті.

Сонымен қатар, инвестор жүк автомобильдерінің шассилерін сертификаттау мәселесінде қолдау көрсету мүмкіндігін қарастыру туралы Астана қаласының прокуратурасына жүгінді. Аталған рәсімді электрондық форматқа көшіру жөніндегі ұсынысқа ерекше назар аударылды. Бұл өз кезегінде процесті жеңілдетіп, жеделдетуге мүмкіндік береді.

Аталған сапар елордадағы инвестициялық жобаларды қолдаудың маңыздылығын және мемлекеттік органдардың оларды дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасауға ұмтылысын айқындайды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-uir/press/news/details/1185271?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version