Астанада Ұлттық компаниялар арасында тәжірибе алмасудың диалог алаңы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігініңТіл саясаты комитеті «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясымен бірлесіп 2026 жылғы
19 наурызда Ұлттық компаниялар арасында тәжірибе алмасудың диалог алаңын өткізді.

Аталған іс-шараға еліміздегі 26 ұлттық компанияның, акционерлік қоғамның тілдерді дамыту мәселесіне жауапты құрылым басшылары мен мамандары қатысып, тіл саласындағы өзекті мәселелерді талқылады, өзара тәжірибе алмасып, ұсыныстарын білдірді.

Диалог алаңының шеңберінде ұйымдастырылған «Тіл саясаты: үздік тәжірибелер мен инновациялар» атты интерактивті көрмеде қатысушыларға Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы, «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлестігінің, «Қазақтелеком» ұлттық компаниясының тілдерді дамыту саласындағы үздік жобалары таныстырылды.

Диалог алаңында Тіл саясаты комитетінің бассарапшысы Талғат Жакенов құжатайналымдағы мемлекеттік тілдің үлесі туралы баяндаса, «Қазақстан темір жолы», «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы», «Қазақтелеком» ұлттық компанияларының өкілдері өз тәжірибелерімен бөлісіп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

Шараның соңында Тіл саясаты комитетінің басқарма басшысы Қайыржан Рахымжанов тіл саясатын іске асырудың басым бағыттарына тоқталып, өткізілген шараның маңыздылығын баяндады, тіл саясатын дамыту саласында үздік көрсеткіштерге жеткен ұлттық компанияларды алғысхатпен марапаттап шараны қорытындылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/language/press/news/details/1185377?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version