Атамекен кентінің дәрігерлік амбулаториясына жаңа автокөліктің кілттері табысталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Мамандандырылған автокөлікті жаңарту мәселесі қала әкімі Хасар Хабылбековтың тұрғындармен өткен соңғы тұрақты кездесуінде көтерілген болатын. Кездесу қорытындысы бойынша кент амбулаториясы үшін жергілікті бюджет есебінен автокөлік сатып алу тапсырылды. Бүгін жаңа автокөліктің кілттерін амбулатория қызметкерлеріне қала әкімінің орынбасары Кадиша Беготаева табыстады.

– Наурыз мерекесі қарсаңында жаңа жедел жәрдем көлігінің кілтін табыстауға рұқсат етіңіздер. Бұл мәселе Атамекен кентінің тұрғындары тарапынан көтеріліп, қала әкімі Хасар Хабылбеков тұрғындардың өтінішіне қолдау білдіріп, қаражат бөліп, нәтижесінде осы автокөлік сатып алынды. Бұл көлік сіздердің тұрғындарға жедел әрі сапалы медициналық көмек көрсетуіңізге өз үлесін қосады деп сенемін, – деді спикер.

Айта кетейік, Атамекен кентінде 10 014 адам тұрады, ал дәрігерлік амбулаторияға 7 975 тұрғын тіркелген. Жаңа автокөлік медицина қызметкерлеріне шақыртуларға жедел әрекет етуге мүмкіндік беріп, ауыл тұрғындары үшін медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-pvl/press/news/details/1185005?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version