Цифрлық геология: AI және жаңа технологиялар GECA 2026 форумында талқыланады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жер қойнауын геологиялық зерттеу тәсілдері цифрландыру, жасанды интеллект және жаңа технологиялық шешімдердің қарқынды дамуының әсерімен түбегейлі өзгеріп келеді. Бұл үрдістер 2026 жылғы 2 сәуір күні Астанада өтетін Geoscience & Exploration Central Asia халықаралық форумы аясындағы «Геологиядағы цифрландыру, AI және жаңа технологиялар» атты панельдік сессияда талқыланады. Сессия 11:00-ден 12:30-ға дейін өтеді.

Сарапшылар үлкен деректер мен цифрлық платформаларды енгізу, далалық және камеральдық жұмыстарды автоматтандыру, сондай-ақ геологиялық-геофизикалық ақпаратты талдауда машиналық оқытуды қолдану мәселелерін қарастырады. Сонымен қатар, жаңа технологиялардың зерттеу дәлдігін арттырып, жер қойнауын басқаруда шешім қабылдау үдерісін жеделдетудегі рөліне ерекше назар аударылады.

Негізгі спикерлер қатарында: ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Жәннат Дүбірова (нақтылануда); ҚР Энергетика вице-министрі Ілияс Бахытжан (нақтылануда); Еуропалық одақ өкілі; «ERG Exploration» ЖШС жобаларды дамыту және генерациялау жөніндегі директоры Қуаныш Жұмабаев; «DigitField» ЖШС директоры Асылан Жұмағалиев; EXIA аналитикалық платформасының директоры Алихан Байдусенов; EPAM Systems компаниясының бизнес-даму жөніндегі директоры Жұматай Салимов; Astana Hub бас директоры Мағжан Мадиев бар.
Пікірталасты Boston Consulting Group компаниясының басқарушы серіктесі Антон Аристов жүргізеді.

Толық ақпарат пен тіркелу: https://geca-forum.asia

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/1185071?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version