ДӘРІ-ДӘРМЕКТЕРДІ ТАҢБАЛАУ: ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР ҚАНДАЙ ПРЕПАРАТТАРДЫ ЖИІ САТЫП АЛАДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2024 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстанда барлық дәрілік заттарды міндетті цифрлық таңбалау енгізілді. Таңбалау және тауарлардың қадағалануының бірыңғай операторының жүйесі тұтынушылық сұранысты нақты уақыт режимінде тіркеуге мүмкіндік береді.

Талдау таңбаланған дәрілік заттардың сатылымын қамтиды және маусымдық ерекшеліктерге байланысты тұтынушылық сұранысты объективті бағалауға мүмкіндік береді.

Сатылым бойынша көшбасшы, жылдың басқа кезеңдеріндегі сияқты, этил спирті болды – 4,1 млн бірлік таңбаланған өнім сатылған. Екінші орында натрий хлориді – 2,1 млн бірлік. Үздік үштікке қызу түсіретін парацетамол препараты кірді – 1,75 млн бірлік.

Таңбаланған дәрілік заттар арасындағы сатылым бойынша төртінші орында ацетилсалицил қышқылы – 1,5 млн-нан астам бірлік. Бестікті мұрын бітелуі кезінде қолданылатын тамыр тарылтқыш препарат – нафазолин қорытындылайды.

Сұранысқа ие препараттардың қатарында Цитрамон П бар – 1,23 млн-нан астам бірлік. Сондай-ақ ТОП-10 тізіміне меновазин – 897 мың, тұмау мен суық тиюге қарсы ТераФлю, белсендірілген көмір – 636 мың және фурацилин – 623 мың сатылған дәрілік зат кірді.

«Таңбалау жүйесі әрбір дәрілік препараттың қаптамасының қозғалысын өндірушіден бастап түпкі тұтынушыға дейін нақты уақыт режимінде бақылауға мүмкіндік береді. Ұсынылған статистика дәріханалардағы бөлшек сауданы нақты көрсетеді. Сонымен қатар, таңбалау жүйесі әрбір препараттың түпнұсқа екенін және заңды айналымның толық жолынан өткенін кепілдейді», — деп атап өтті ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.

Цифрлық таңбалау шеңберінде әрбір дәрілік препараттың қаптамасына бірегей Data Matrix коды беріледі. Тұтынушы, дәріхана немесе тексеруші орган Naqty Onim мобильдік қосымшасы арқылы препараттың түпнұсқалығын бірден тексере алады. Бұл заңды тауар айналымы шеңберінде жалған дәрілерді сатуды техникалық тұрғыдан мүмкін емес етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/1185210?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version