Киберқылмыстыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ведомствоаралық кеңестің қорытындылары туралы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бас прокуратурада интернет-алаяқтықтарға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ведомствоаралық кеңес өтті.

Оған Ішкі істер министрлігінің Тергеу департаменті мен Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің басшылары қатысты.

Жұмыс қорытындылары шығарылып, жедел-тергеу қызметінің тиімділігін арттыру шаралары талқыланды.

Ағымдағы жылдың 2 айында интернет-алаяқтықтар саны 8,3%-ға төмендегені байқалады (4 385-тен 4 023-ке дейін).

Қылмыстық жауаптылыққа 913 құқық бұзушы тартылды.

Кибералаяқтықтарды ашу көрсеткіші 29%-ға өсті (36,5%-дан 66%-ға дейін), келтірілген залалды өтеу деңгейі 57%-ды құрады (3,4 млрд теңгенің 1,9 млрд теңгесі өтелді).

Дропперлік схемаларды анықтау бойынша белсенді жұмыс жалғасуда.

Дропперлік үшін жауапкершілік енгізілген сәттен бастап Қылмыстық кодекстің 232-1-бабы (Банктік шотқа, төлем құралына немесе сәйкестендіру құралына қолжетімділікті заңсыз ұсыну, беру және алу, сондай-ақ төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын заңсыз жүзеге асыру) бойынша 400-ден астам іс тіркеліп, оның 66-сы сотқа жолданды.

Сонымен қатар, алаяқтар пайдаланатын SIM-карталар мен WhatsApp аккаунттарын белсендірушілердің қызметі тоқтатылуда.

Мәселен, ағымдағы жылдың ақпан айында Батыс Қазақстан облысында алаяқтарға көмектескен тұлға 6 жылға бас бостандығынан айырылды.

Ол өз атына мыңнан астам SIM-картаны рәсімдеп, оларды қылмыстық мақсатта пайдалану үшін алаяқтарға берген.

Сондай-ақ «сұр провайдерлерге» ерекше назар аударылуда, олар алаяқтарды виртуалды байланыспен қамтамасыз етеді.

Мысалы, осы жылдың қаңтар айында Қостанай облысында жалған байланыс операторының технигі шетелдік алаяқтық колл-орталықтарға IP-телефония қызметін көрсеткені үшін 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Жалпы, бүгінгі таңда жұмыстың негізгі қағидаты – тек орындаушылар мен ұйымдастырушыларға ғана емес, сонымен қатар киберорта мен қылмыс жасауға жағдай жасайтын факторларға да ықпал ету болып табылады.

 

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuror/press/news/details/1184827?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version