Көшпелі кедендік тексеру

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Көшпелі кедендік тексеруді жүргізу тәртібі «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 418-бабымен айқындалған.

Көшпелі кедендік тексеруді кеден органы заңды тұлғаның тұрған жеріне (жерлеріне), дара кәсіпкердің қызметін жүзеге асыратын жерге (жерлерге) және (немесе) мұндай тұлғалардың қызметі іс жүзінде жүзеге асырылатын жерге (жерлерге) бару арқылы жүргізеді.

Тексерілетін тұлғаның орналасқан жеріндегі кеден органы көшпелі кедендік тексеруді жүзеге асыратын кеден органы болып табылады. Бұл ретте уәкілетті органның тапсырмасы бойынша өзге кеден органдарының көшпелі кедендік тексерулер жүргізу жағдайлары болуы мүмкін.

Көшпелі кедендік тексерулер мынадай түрлерге бөлінеді:

1) жоспардан тыс көшпелі кедендік тексеру;

2) жоспардан тыс қарсы көшпелі кедендік тексеру;

3) кешенді көшпелі кедендік тексеру.

Көшпелі кедендік тексеру нұсқаманың негізінде жүргізіледі (Кодекстің 418-бабының 3-тармағы).

Бір нұсқаманың негізінде тексерілетін тұлғаға бір ғана тексеру жүргізіледі. Нұсқама құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкiлеттi органда тексеру басталғанға дейiн тексерiлетiн субъектiнiң тұрған жерi бойынша құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық органына оны ұсыну, оның iшiнде электрондық нысанда ұсыну арқылы тіркеледі.

Көшпелі кедендік тексеруді жүргізу мерзімі екі айдан аспауға тиіс.

Көшпелі кедендік тексеруді жүргізу мерзімі мұндай тексеруді жүргізетін кеден органының шешімі бойынша бір айға ұзартылуы мүмкін.

Көшпелі кедендік тексеру нәтижелері көшпелі кедендік тексеру актісімен ресімделеді.

Жүргізілуі кезінде Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасын, Қазақстан Республикасының кеден және (немесе) өзге де заңнамасын бұзушылық анықталған көшпелі кедендік тексеру нәтижелері бойынша тексеру нәтижелері туралы хабарлама шығарылады.

Тексеру нәтижелері туралы хабарлама тексерілетін тұлғаға табыс етіледі.

Көшпелі кедендік тексеру Қазақстан Республикасының заңнамасына

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1184800?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version