Маңғыстауда дәстүрлі киім үлгілерін дәріптеген іс-шара өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақтауда Наурызнама онкүндігі аясында ұлттық құндылықтарды насихаттауға бағытталған «Ұлттық киім – ұлттың айнасы» атты мәдени іс-шара ұйымдастырылды. Тағылымды кеш Әбіш Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану мұражайында өтті, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы.

Іс-шараға Ш. Есенов атындағы КМТжИУ-дың 1-курс студенттері қатысып, ұлттық мұрамен жақын танысуға мүмкіндік алды.

Кештің құрметті қонақтары – музейде ұзақ жылдар бойы қызмет атқарған тігінші-реставратор, «Алтын оймақ» қолөнерді қолдау қоғамдық қорының директоры Әуес Сағынаева және ұлттық зергерлік өнер шебері Сағидолла Оразов өз тәжірибелерімен бөлісіп, қазақтың дәстүрлі киімдері мен зергерлік бұйымдарының ерекшеліктеріне кеңінен тоқталды.

Сонымен қатар, іс-шара барысында шеберлік сағаты ұйымдастырылып, қатысушыларға ұлттық қолөнердің қыр-сыры таныстырылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/digital-nauryz/press/news/details/1184925?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version