МЕМЛЕКЕТТІК ЕҢБЕК ИНСПЕКТОРЛАРЫ ЕКІ АУДАНДА ҮШ ЖАҚТЫ КОМИССИЯ ЖҰМЫСЫНА ҚАТЫСТЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Департамент басшысының орынбасары Б.Досымов пен еңбек қатынастарын бақылау бөлімінің бас маманы-мемлекеттік еңбек инспекторы А.Ұзақбаев Шиелі және Жаңақорған аудандарының әлеуметтік әріптестік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үш жақты комиссия отырыстарына арнайы қатысты. Комиссияда Еңбек тәуекелдер картасына сәйкес болжамды тәуекелі бар кәсіпорындардың еңбек ахуалы қаралып, кәсіпорын басшылары тыңдалды.

Бүгінде Шиелі ауданы бойынша болжамды тәуекелі бар жоғары және орта деңгейде 17 кәсіпорын болса, Жаңақорған ауданында 15 мекеме тәуекел тобына енгізілген. Кәсіпорындардың тәуекел санатына енгізілудің негізгі себептері жұмыс берушілермен міндетті төлемдердің мерзімінде жүргізілмеуі. Осы ретте, Болат Бекайдарұлы әрбір кәсіпорынның көрсеткіштеріне жеке тоқталып, міндетті аударымдардың мерзімінде төленуі қажеттігіне назар аударды.

Сонымен қатар жұмыс берушілер тарапынан Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне деректерді енгізу қағидаларын қатаң сақтауды және жұмыскерлерді жазатайым оқиғадан міндетті сақтандыру шарттарын жасасу жұмыс берушінің негізгі міндеттері екенін атап өтіп, еңбек заңнамасы талаптарын қатаң сақтауға шақырды.  

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-enbek/press/news/details/1184692?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version