Екіаша ауылдық округінде 2026 жылғы 19 наурыз күні мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша жәрмеңке ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты — тұрғындарға мемлекеттік қызмет түрлері туралы жан-жақты ақпарат беру және оларды алу тәртібін түсіндіру. Жәрмеңке барысында азаматтардың сұрақтарына жауап беріліп, қажетті кеңестер ұсынылды. Сонымен қатар, электрондық үкімет порталы арқылы қызмет алу жолдары тәжірибе жүзінде көрсетілді. Тұрғындардың цифрлық сауаттылығын арттыруға бағытталған түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шара халыққа қолжетімді әрі пайдалы ақпарат алаңы болды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-sarkan-ekiasha/press/news/details/1185506?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау