Наурыз – жыл басы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Семей қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-нің Шығыс кентіндегі кітапхана-бөлімшесінің қызметкерлері №12 мектептің 5 сынып оқушыларының қатысуымен 19 наурыз – Жаңару күніне арналған «Наурыз – жыл басы» атты мерекелік кеш өткізді.

Іс-шара Наурыздың жарқын мерекесінде бейбітшілік пен береке болсын деген ақжарма тілектер айтылып, дәстүрлі «шашу» рәсімімен басталды. Бұл көрініс мерекенің мәнін айқындап, қатысушыларға ерекше көңіл-күй сыйлады.

Әрі қарай қатысушылар Наурыз мерекесінің тарихымен жан-жақты таныстырылып, оның шығыс халықтары арасындағы тойлану ерекшеліктері кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар дәстүрлі салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардың терең символикалық мәні бар екені, олардың тарихи сабақтастықты сақтаудағы, ұрпақтар арасындағы байланысты нығайтудағы және ұлттық құндылықтарды келешек ұрпаққа жеткізудегі маңызы жан-жақты атап өтілді.

Шара барысында қатысушылар «Қаражорға» флешмобын билеп, ұлттық өнерге деген қызығушылықтарын танытты. Сонымен қатар «Сақина салу», «Асық» және «Күш сынасу» сынды қазақтың ұлттық ойындары ұйымдастырылды.

Мерекелік кеш жалғасында қатысушылар жұмбақтар шешіп, жаңылтпаштар айтып, викторина сұрақтарына жауап берді. Әсіресе ұсынылған сөздерден Отан туралы мақал-мәтелдерді құрастырып, олардың мағынасын түсіндіру тапсырмасы ерекше қызығушылық тудырып, оқушылардың ойлау қабілеті мен тіл байлығын дамытуға ықпал етті. Сонымен қатар оқушылар ән айтып, би билеп, өздерінің шығармашылық қабілеттерін жан-жақты көрсетті.

Іс-шара қорытындысында оқушылардың танымдық қызығушылығын арттырып, ұлттық мәдениет пен дәстүрлерге деген құрметін нығайтуға бағытталған «Наурыз – жыл басы» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалып, көрмеге қойылған әдебиеттер мазмұны таныстырылды.

 

 

 

 

Қалалық орталық кітапхана

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-semey/press/news/details/1185286?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version