Наурызнама тұжырымдамасы аясында Ұлттық киім күні аталып өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылдың 18 наурызында Наурызнама тұжырымдамасы аясында Ұлттық киім күні аталып өтті. «Maxi Mall» сауда-ойын-сауық орталығында қазақтың дәстүрлі ұлттық киімдерімен көз тартарлық жарқын шеру ұйымдастырылды. Қала тұрғындары мен қонақтары халық әндерін сүйсіне тыңдап, көктем мерекесінің көңіл күйін терең сезінді. Келушілер көркем шеруді қызығушылықпен тамашалап, қазақ халқының тарихы, салт-дәстүрі мен мәдениетін бейнелейтін ұлттық киімдердің байлығы мен әсемдігіне ерекше ықылас танытты. Мерекелік іс-шара келушілерге жылы атмосфера мен жарқын әсер сыйлап, мәдени мұра мен ұлттық дәстүрлерді сақтаудың маңызын тағы бір мәрте айқындай түсті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-cultura-arhiv/press/news/details/1184775?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version