Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы комитеті төрағасының орынбасары А.Б. Әубәкіров жұмыс сапарымен Нұра топтық су құбырының қайта жаңғырту нысандарын, оның ішінде пайдалану жолдарының құрылысы мен бас су құрылыстары учаскелерін аралап шықты.
Іссапар аясында мердігер ұйымдар, техникалық қадағалау және пайдалану ұйымы өкілдерінің қатысуымен кеңес өткізілді.
Кеңес барысында ағымдағы жылға жоспарланған құрылыс-монтаж жұмыстарының іске асырылу мәселелері қаралды. Кеңес қорытындысы бойынша мердігер ұйымдарға жұмыстарды бекітілген өндірістік кестеге сәйкес сапалы әрі уақытылы орындау тапсырылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/komwater/press/news/details/1184896?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау