Облыс әкімі Петропавл қаласының тұрғындарымен ашық диалог өткізді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін  облыс әкімі Петропавл қаласының тұрғындарымен есептік кездесу өткізді. Ашық диалог барысында қала тұрғындарын толғандыратын өзекті мәселелерді талқылап, пікір алмасып, алдағы міндеттер айқындалды. 

«Бүгінде Петропавл қаласы қарқынды дамып келеді – инфрақұрылымды жаңғырту, абаттандыру және жайлы қалалық ортаны қалыптастыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.Бұл қарқынды алдағы уақытта да сақтайтын боламыз. Атқарылып жатқан барлық жұмыс тұрғындардың өмір сапасын арттыруға бағытталған. Қаланы дамыту жұмыстары жаңа Конституцияда айқындалған басымдықтарға сәйкес жалғасады»,- деді өңір басшысы. 

2026 жылғы жоспарлар:

✔️31 көшеге орташа жөндеу жүргізу, сондай-ақ Фрунзе және Кизатов көшелерін қайта жаңғырту жоспарланған. Фрунзе көшесі бойынша жоба «Береке» шағынауданындағы көлік жүктемесін азайтып, оны қаланың орталық бөлігімен байланыстыруға мүмкіндік береді. Ал Кизатов көшесін реконструкциялау Бірлік-1 және Бірлік-2 жаңа шағынаудандарын дамытуға серпін береді.

✔️Биыл абаттандыру жұмыстары 20 кварталды қамтиды.

✔️2026 жылы 215 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарлануда.

✔️Маңызды инфрақұрылымдық жобалар іске асырылуда. Атап айтқанда, ТМ-2 және ТМ-15 жылу магистральдарының құрылысы жүргізілуде. Бұл тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарды жылумен қамтудың сенімділігін арттырады.

✔️280 орындық балабақша құрылысы басталды, сондай-ақ Пестрое көлі маңында триатлон аймағы бар экопарк жобасы пысықталуда.

✔️М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті негізінде К.Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық мәдениет және өнер институтының өкілдігін ашу жоспарлануда. Оқу үдерісі бес мамандық бойынша ұйымдастырылып, биыл 100 студент қабылдау көзделген.

✔️Спорт саласын дамытуға және қолжетімді инфрақұрылым қалыптастыруға ерекше назар аударылуда. Инклюзивті спорт нысанын салу, мұз аренасы мен әмбебап спорт кешенін іске асыру, сондай-ақ футбол академиясы бар жабық стадион құрылысы жоспарланған.

✔️Қалада тұрмыстық қатты қалдықтарды шығару бойынша цифрлық мониторинг енгізілді. Қазіргі таңда 47 бейнебақылау камерасы орнатылған, биыл қосымша 400 камера орнату жоспарлануда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/1185350?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version