ӨСКЕМЕНДЕ ӨНДІРІСТІК ЖАРАҚАТТАНУДЫ АЗАЙТУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 18 наурыз күні Өскемен қаласында «Өңір кәсіпорындарындағы өндірістік жарақаттануды төмендету және алдын алу шаралары туралы» тақырыбында қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі сараптамалық кеңес отырысы өтті. Іс-шараға мемлекеттік органдардың өкілдері, кәсіподақ ұйымдары мен  жазатайым оқиғалар орын алған  кәсіпорын басшылары мен мамандары қатысты.

Кеңес отырысын Шығыс Қазақстан облысы бойынша ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті департаментінің басшысы – бас мемлекеттік еңбек инспекторы Бақытбек Кизатов ашып, өңірдегі еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы өзекті мәселелерге тоқталды.

Ол өз сөзінде өндірістік жарақаттану деңгейі мен қауіпсіздік шаралары туралы нақты статистикалық мәліметтерді жариялады. Ол еңбекті қорғау мемлекеттік саясаттың маңызды бағыты екенін, қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын сақтау – мемлекет пен жұмыс берушілер үшін басым міндет екенін атап өтті. Сонымен қатар, 2025 жылы республика бойынша өндірістік жарақаттану деңгейінің төмендегені, бірақ облыс бойынша зардап шеккендердің көп екені, сәуір айының дәстүрлі түрде қауіпсіздік айы екені және Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне дайындық маңыздылығы сөз болды.

Күн тәртібіне сәйкес, облыстық ТЖД өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасының басшысы Даурен Ибраев кәсіпорындардағы өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуы, соның ішінде газ баллондарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік ережелері туралы баяндама жасады. Ал ШҚО Кәсіподақтар орталығының төрағасы Темірбек Қасымжанов еңбек қорғау және қауіпсіздік техникасын сақтау мәселелеріне тоқталып, кәсіподақ ұйымдарының рөліне назар аударды.

Сонымен қатар, «Казцинк» ЖШС Өскемен металлургиялық кешенінің өкілі Александр Сагадеев, «Элхон» ЖШС-нің еңбекті қорғау бөлімінің басшысы Бекжан Тюменбаев, «ЧИУС» ЖШС директорының орынбасары Магомед Килоев және «Гидросталь» ЖШС өндірістік қауіпсіздік жөніндегі директор орынбасары Людмила Клименко өз кәсіпорындарында өндірістік жарақаттануды азайту бағытында атқарылып жатқан жұмыстармен бөлісті.

Жиын барысында қатысушылар өндірістік қауіпсіздік мәдениетін арттыру, алдын алу шараларын күшейту, қызметкерлердің жауапкершілігін арттыру және заманауи қауіпсіздік стандарттарын енгізу мәселелерін талқылады.

Кеңес соңында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, өндірістегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша нақты ұсыныстар айтылды. Сарапшылар мұндай кездесулер тәжірибе алмасуға және өңірдегі еңбек қауіпсіздігін жүйелі түрде жетілдіруге ықпал ететінін атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-enbek/press/news/details/1184795?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version