Департаменттің еңбек қатынастарын бақылау бөлімінің басшысы М.Сүйеубаев әлеуметтік әріптестік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі қалалық үш жақты комиссияның кезекті отырысына қатысты.
Комиссия отырысында Мұрат Сүйеубаев Еңбек тәуекелдер картасына сәйкес әлеуметтік-еңбек дауларын болдырмау бағытында қабылданып жатқан алғышарттарға тоқталды. Сондай-ақ, Қызылорда қаласында жоғары және орта тәуекелі бар кәсіпорындарда міндетті төлемдердің уақытылы жүргізілмеуінен орын алған қазіргі ахуалды атап өтіп, жұмыскерлердің еңбек құқықтарының бұзылуына жол бермеу жөнінде ескертті.
Сонымен қатар әлеуметтік төлемдер бойынша төлемшілер санын көп төмендетуге жол берген кәсіпорын өкілдерінің есептері тыңдалды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-enbek/press/news/details/1184940?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау