Қарағанды автопарктері биыл 92 жаңа автобус сатып алуды жоспарлауда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қарағандыда жолаушылар көлігін жаңарту бойынша жоспарлы жұмыстар бірнеше жылдан бері жүргізіліп келеді. Биыл маршруттарға 20 жаңа автобус шықты.

Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Қарағанды облысын аралау барысында автопарк басшыларымен кездесіп, көлікті одан әрі жаңарту, қызмет көрсету сапасы мен жайлылығын арттыру мәселелерін талқылады.

Бүгінде қалада 55 бағдарға қызмет көрсететін жеті тасымалдаушы жұмыс істейді. 

Күн сайын желіге 500-ге жуық автобус шығады және 240 мың сапар жасалады. Жылжымалы құрамның орташа жылы – 7 жыл.

Аймақ басшысына биыл сыйымдылығы жоғары және заманауи талаптарға сай келетін 92 жаңа автобус сатып алу жоспарланып отырғаны баяндалды. Осыдан кейін жылжымалы құрамның орташа жылы 5,5-ке дейін төмендейді.

Жолаушылар шағымданған 29-шы маршрут та жаңартылды. 

«Экспресс и АА» ЖШС директоры Руслан Сакулов жаңа автобустар жолға шыққанын және олардың толығуы күтіліп отырғанын хабарлады.

Ермағанбет Бөлекпаев тасымалдаушыны шарттың орындалу сапасына жауапкершілік туралы ескертті.

Кездесуде басқа да мәселелер талқыланды: цифрлық бақылаушыларды енгізу, автопарктерді табиғи газға көшіру.

– БАҚ пен әлеуметтік желілерде 29-шы бағыт тұрғындарының сыны болды. Біздің тапсырмамыз бойынша компания қысқа мерзім ішінде жаңа автобустар сатып алды. Біз оларды қарап шықтық. Олардың жоспарында әлі де ескі автобустарды ауыстыру бар. Жалпы, биыл автопарктер 92 жаңа автобус сатып алуды жоспарлап отыр. Осыдан кейін шамамен 30 ескі автобус қалады. Жаңарту жоспарлы түрде жалғасады. Барлық тасымалдаушылармен бірге біз қала тұрғындары мен қонақтарының жайлы жағдайда жүруі үшін қызметтердің сапасына, тазалығына және тәртібіне назар аударамыз, – деп атап өтті Ермағанбет Бөлекпаев.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/1184892?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version