Қарағанды облысында әлеуметтік әріптестік пен ұжымдық шарттардың рөлі талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қарағанды облысында мемлекеттік органдар мен кәсіподақ ұйымдарының өкілдерінің қатысуымен еңбек қатынастарын реттеудің өзекті мәселелері талқыланды.

Іс-шараға ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің еңбек қатынастарын бақылау бөлімінің басшысы Саягүл Еркебекова, білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіподағының өкілдері, «SENIM» денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподағының облыстық филиалы, сондай-ақ ҚР Кәсіподақтар федерациясының заң клиникасының өкілдері қатысты.

Кездесу барысында еңбек саласындағы әлеуметтік әріптестіктің маңызы және еңбек қатынастарын реттеудегі ұжымдық шарттардың рөлі қарастырылды.

Саягүл Еркебекова өз сөзінде жұмыс беруші, жұмыскер және мемлекет арасындағы тиімді өзара іс-қимыл еңбек тұрақтылығын қамтамасыз етудің негізгі факторы екенін атап өтті. Сонымен қатар, ұжымдық шарт қызметкерлердің құқықтарын қорғау мен әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз етудің маңызды құралы екені айтылды.

Кәсіподақ өкілдері — Марал Кашенова мен Элеонора Омарбекова — өз тәжірибелерімен бөлісіп, ұжымдық шарттардың орындалуын бақылау, қызметкерлердің құқықтарын қорғау және еңбек дауларын шешудегі кәсіподақтардың маңызды рөлін атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар әлеуметтік әріптестікті одан әрі нығайту және еңбек құқықтарын қорғау тетіктерінің тиімділігін арттыру қажеттігін атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-enbek/press/news/details/1185304?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version