Қарағанды облысында өңір әкімі Ермағанбет Бөлекпаевтың төрағалығымен әлеуметтік әріптестік жөніндегі облыстық үшжақты комиссияның отырысы өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Кездесудің негізгі тақырыптары өндірістік жарақаттануды төмендету, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды күшейту, кәсіптік аурулардың алдын алу, сондай-ақ 2024–2026 жылдарға арналған облыстық және қалалық келісімдердің іске асырылуы болды. Отырысқа мемлекеттік органдар, жұмыс берушілер және кәсіподақ өкілдері қатысып, өзекті мәселелерді талқылап, бірлескен жұмысты жетілдіру бойынша ұсыныстарын ортаға салды.

Сондай-ақ, жұмысшылардың құқықтарын күшейтетін, оларды қорғау тетіктерін кеңейтетін және цифрландыру жағдайында қосымша кепілдіктерді айқындайтын жаңа Конституция аясындағы өзгерістерге ерекше назар аударылды.

2025 жыл – Жұмысшы мамандықтар жылы аясында еңбек жағдайларын жақсарту, қызметкерлердің денсаулығын нығайту және лайықты еңбек қағидаттарын ілгерілету бойынша ауқымды жұмыстар атқарылғаны атап өтілді.

Отырыс қорытындысы бойынша тараптар өңірдегі еңбек қауіпсіздігі мен халықтың өмір сапасын арттыруға бағытталған әлеуметтік әріптестікті одан әрі нығайтуға дайын екендерін растады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-enbek/press/news/details/1185274?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version