«Қару» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қызылорда облысы аумағында 2026 жылғы 18–20 наурыз аралығында «Қару» жедел профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде.

Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – қарумен жасалатын қылмыстардың алдын алу, заңсыз айналымдағы атыс қаруын анықтау және тәркілеу, сондай-ақ ұрланған және жоғалған қаруларды іздестіру болып табылады.

Іс-шара барысында құқық қорғау органдары тарапынан тіркелген қару иелерінің тұрғылықты мекенжайлары бойынша қаруды сақтау талаптарының сақталуына тексеру жүргізілуде. Сонымен қатар, аудан көлемінде рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылып, қару айналымының заңдылығы бақылауға алынған.

Құзырлы органдар азаматтарды қолданыстағы заң талаптарын қатаң сақтауға, қаруды қауіпсіз және белгіленген тәртіпке сай сақтауға шақырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-kyzylorda/press/news/details/1184719?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version