Федоров ауданы тұрғындарының назарына!
2026 жылғы 26 қаңтарда сағат 15.00-де Федоров ауданы Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтеді. Отырыста мынадай мәселелер қаралатын болады:
- Федоров ауданында тұратын халықтардың материалдық емес мәдени мұралары мен дәстүрлерін сақтау және дамыту.
- Федоров ауданында оқушылардың ыстық тамағын ұйымдастыру жағдайы туралы.
- Федоров ауылдық округінде су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізу туралы.
- Қаңғыбас иттер бойынша мәселені шешу туралы.
Қаралатын мәселелер бойынша ұсыныстар, ескертулер maslihat.fed@gmail.com электрондық жекенжайға немесе 21-6-74 телефоны арқылы жіберілсін.
Федоров ауданы
Қоғамдық кеңесінің төрайымы С. Баймурзина
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-fedorov/press/news/details/1184784?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау