ҚР Қаржы министрлігі орнықты дамудың халықаралық стандарттарын енгізуді қолға алды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстанның Қаржы министрлігі орнықты даму саласындағы ақпарат ашықтығының халықаралық стандарттары – S1 және S2 ХҚЕС (IFRS) енгізу бойынша жүйелі жұмысты жалғастырып келеді. Атап айтқанда, видеоконференция форматында өткен ведомствоаралық жұмыс тобының отырысында осы бағыттағы өзекті мәселелер пысықталды.

S1 және S2 IFRS стандарттары халықаралық есеп берудің жаңа ережелері болып саналады. Жаңа талаптар арқылы кез келген компания өз қызметінің экология мен қоғамға қалай әсер ететіні жайлы, сондай-ақ ұйымның жұмысына қандай климаттық сын-қатер төнуі мүмкін екенін айтуға міндетті болады.

Кеңестің күн тәртібінде Қазақстанда 2027-2028 жылдарға арналған S1 және S2 ХҚЕС стандарттарын кезең-кезеңімен енгізу жөніндегі Жол картасын іске асыру мәселелері қаралды. Аталған құжат БҰҰ Даму бағдарламасымен бірлесіп дайындалған әрі онда 37 іс-шара қамтылып, бұл стандарттарды елімізде енгізу үшін нормативті, институционалды және әдіснамалық негізді қалыптастыруға байланысты бірізді қадамдар айқындалған.

Жұмыс тобы аталған стандарттар қай уақыттан бастап міндетті түрде қолданылатынын анықтауды, осы бағыттағы тиісті ұйымдарды іріктеу үшін өлшемшарттар мен шектерді белгілеуді, S1 және S2 ХҚЕС сәйкес дайындалған есептілік аудитіне тәсілдерді қалыптастыруды, сондай-ақ бұл талаптардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды әзірлеуді қоса алғанда, оның болашақтағы қолдану өлшемдерін пысықтап шықты.

«S1 және S2 ҚЕХС енгізу Қазақстанның корпоративті есептілік жүйесін дамытудағы маңызды кезең. Бұл ақпарат ашықтығының сапасын арттыруға, орнықты даму мәселелеріне назар аударуды күшейтуге және еліміздің инвестициялық тартымдылығын арттыруға қосымша жағдайлар жасауға мүмкіндік береді. Біз практикалық шешімдер ұсыну үшін бизнеспен тығыз ведомствоаралық байланыс жасауға дайынбыз», деді отырыс соңында ҚР Қаржы вице-министрі Даурен Кеңбеил.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/1184782?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version