2026 жылғы 19 наурызда Масақ ауылдық округі әкімі аппаратының қызметкерлері үшін Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіру мақсатында семинар өткізілді.
Аталған өзгерістер Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 9 қаңтардағы Заңымен енгізіліп, 2026 жылғы 11 наурыздан бастап күшіне енді. Сонымен қатар, Заңның атауы «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапты қызметтер туралы» болып өзгертілді.
Семинар барысында қатысушыларға заңнамадағы негізгі жаңашылдықтар жан-жақты түсіндірілді. Атап айтқанда, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру, қызмет алушылардың құқықтарын кеңейту, мемлекеттік органдардың жауапкершілігін күшейту, қызмет көрсету процестерінің ашықтығын қамтамасыз ету, сондай-ақ цифрландыру және проактивті қызмет көрсету тетіктерін енгізу мәселелері қарастырылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-enbekshikazah/press/news/details/1185131?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау