Рахат Тоқбаев Атырау облысының тұрғындарымен кездесу өткізді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Мемлекеттік қазынашылық комитетінің төрағасы Рахат Тоқбаев Атырау облысының тұрғындарымен онлайн-форматта кездесу өткізді.

Диалог барысында Комитет қызметінің негізгі бағыттары егжей-тегжейлі түсіндірілді, сондай-ақ мемлекеттік қазынашылық жүйесімен байланысты өзекті мәселелер жарияланды.

Облыс орталығының ғана емес, аудандар тұрғындарының өтініштеріне де ерекше назар аударылды. Барлық келіп түскен сұрақтарға толық және түсінікті жауаптар берілді.

Мұндай кездесулерді өткізу “Халық үніне құлақ асатын Үкімет” тұжырамдамасы бойынша  мемлекеттік органдар жұмысының ашықтығын арттыруға, сондай-ақ азаматтардың сенімін нығайтуға ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazyna/press/news/details/1185460?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version