🔹«Заң мен тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында 2026 жылдың 18 наурызында Қостанай облысы Әділет департаментінің коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімінің бас маманы «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ Бірыңғай байланыс орталығының қызметкерлері үшін үкіметтік емес ұйымдарға жататын заңды тұлғаларды тіркеу, сондай-ақ құжаттарды апостильдеу мәселелері бойынша семинар өткізді.
🔸Аталған іс-шара барысында құжаттар тізбесі, қызмет көрсету мерзімдері мен тіркеу алымының сомалары бойынша түсіндірмелер берілді, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта алу мүмкіндігі түсіндірілді.
Қостанай облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1184721?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау