2026 жылғы 18 наурызда мемлекеттік еңбек инспекторлары Ж.К. Ракимов пен Е.Е. Мухтаров Шемонаиха ауданының аудандық ауруханасы ШЖҚ КМК-ның еңбек ұжымымен кездесу өткізді. Аталған іс-шара еңбек қатынастары саласындағы өзекті мәселелерді түсіндіру және қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылды.
Кездесу барысында мамандар Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының негізгі нормаларын кеңінен түсіндіріп, қызметкерлердің құқықтары мен міндеттеріне ерекше тоқталды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне енгізілген өзгерістер, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау (ЕҚЕҚ/ЕШЕБЖ) талаптарына қатысты жаңашылдықтар жан-жақты талқыланды.
Инспекторлар өндірістік жарақаттанудың алдын алу, еңбек жағдайларын жақсарту және жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы жауапкершілікті арттыру мәселелеріне ерекше назар аударды. Қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, сала мамандарынан нақты жауаптар алды.
Мұндай кездесулер еңбек заңнамасының сақталуын қамтамасыз етуге, құқықбұзушылықтардың алдын алуға және еңбек ұжымдарында қауіпсіз әрі қолайлы жұмыс ортасын қалыптастыруға ықпал етеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-enbek/press/news/details/1185345?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау