Шортанды ауданы прокуратурасы көктемгі су тасқынының алдын алу шаралары туралы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шортанды ауданының прокуратурасы уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп, су тасқыны жағдайына, сондай-ақ оның теріс салдарын болдырмау бойынша қабылданып жатқан шаралардың толықтығына тұрақты мониторинг жүргізуде.

Осы мақсатта аудан әкімдігімен, төтенше жағдайлар бөлімімен және басқа да уәкілетті органдармен бірлесіп, су тасқыны қаупі жоғары учаскелерге (Пригородное және Камышенка ауылдары) кезекті тексеру жүргізілді. Оқиға орнында тиісті ұсыныстар мен ұсынымдар әзірленді.

Сонымен қатар, өзендерде мұз кептелістерінің пайда болуын болдырмауға бағытталған жарылыс жұмыстары жүргізілді.

Қабылданған шаралар елді мекендерді су басу қаупін азайтуға және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Аталған бағыттағы жұмыс аудан прокуратурасының бақылауында.

Ақмола облысының прокуратурасы

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1184933?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version