Шымкент қаласына қарасты Сайрам ауданындағы Өзбек драма театрында жауынгерлік іс-қимыл ардагері, Қазақстан Республикасының құрметті азаматы Әйтімбетова Гаухар Әлішқызының «Шығыстың Алтын жұлдызы» атты кітабының тұсаукесері өтті.
Аталған іс-шара Шымкент қаласы мен Түркістан облысы деңгейінде ұйымдастырылып, Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің құрылғанына 15 жыл толуына орай өткізілді. Мерекелік жиынға еліміздің түрлі өңірлерінен келген ардагерлер, қоғамдық ұйым өкілдері мен қала тұрғындары бас қосты. Атап айтқанда, Республикалық қоғамдық бірлестіктің Түркістан облыстық филиалы төрағасының орынбасары полковник Сагнале Мещанов, Шымкент қаласы бойынша «Чернобыль ардагерлер одағы»үйлестіру кеңесінің төрағасы Михаил Михайлович, Ауғанстандағы соғыс ардагерлері мен мүгедектері кеңесінің төрағасы Серғазы Рысбеков, төрағаның орынбасары Есебалы Әлиев, сондай-ақ Ауғанстан мен Тәжікстандағы қимылдарының ардагері Нұрбек Жүнісбеков қатысты.
Тағымды жиынға Шымкент қалалық әкімдігі мен мәдениет басқармасы қолдау көрсетіп, ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен өтті. Кеш барысында Ауғанстан және Тәжікстандағы жауынгерлік іс-қимылдардың ардагерлері, сондай-ақ түрлі қоғамдық бірлестіктердің өкілдері сөз сөйлеп, автордың өмір жолы мен еңбегіне жоғары баға берді.
Тұсаукесері өткен «Шығыстың Алтын жұлдызы» кітабында Гаухар Әлішқызының өмірбаяны, тағдыр жолы, қайсарлығы мен ерік-жігері кеңінен баяндалған. Екі тілде жарық көрген бұл еңбек жас ұрпаққа өнеге болуды, патриоттық рухты қалыптастыруды және өмірдің қиындықтарын еңсеруге жігер беруді мақсат етеді.
Шара барысында кітаптың мазмұны таныстырылып, оның қоғамдағы маңызы кеңінен насихатталды. Қатысушылар мұндай тағылымды еңбектердің өскелең ұрпақ тәрбиесінде ерекше рөл атқаратынын атап өтті.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, кітаптың алғашқы таралымы шектеулі болғанымен, алдағы уақытта кеңінен насихатталып, көпшілікке қолжетімді болады деп жоспарлануда.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-ishki-sayasat/press/news/details/1184998?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау