Шымкентте полиция қызметкерлері вейптерді заңсыз сатумен айналысқан ер адамның заңға қайшы әрекетінің жолын кесті.
Профилактикалық іс-шаралар барысында күдіктінің вейп өнімдерін мессенджерлер арқылы жарнамалап, сатқаны белгілі болды. Онлайн жарнама оған тұтынушыларды тартуға және тауарды кеңінен таратуға мүмкіндік берген.
Тексеру барысында ер адамнан жалпы құны 3 миллион теңгеден асатын 332 электрондық тұтыну жүйесі анықталып, тәркіленді.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.
Полиция электрондық тұтыну жүйелерінің заңсыз айналымы мен сатылуы құқық қорғау органдарының ерекше бақылауында екенін ескертеді. Мұндай құқық бұзушылықтардың жолы заңнамаға сәйкес қатаң түрде кесіледі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/1185126?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау