Алматы қаласы Әділет департаменті қала прокурорының және атқарушылық округтің жеке сот орындаушыларының қызметін бақылау жөніндегі мамандандырылған бақылаушылардың қатысуымен кеңес өткізді.
Іс-шара барысында сот орындаушылары қызметін реттеу, атқарушылық құжаттардың орындалу тиімділігін арттыру мәселелері қарастырылды. Сонымен қатар, жеке сот орындаушыларының қызметінде заң талаптарын сақтау және жұмыстың ашықтығын қамтамасыз етуге ерекше назар аударылды.
Жиын барысында Департамент тарапынан жеке сот орындаушыларының қызметіне төлемдер мәселесі бойынша түсіндірмелер беріліп, «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормалары кеңінен түсіндірілді.
Кеңес қорытындысы бойынша жеке сот орындаушыларына атқарушылық құжаттарды уақтылы, толық әрі сапалы орындау үшін заңда көзделген барлық мәжбүрлеу шараларын қолдану тапсырылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-almaty/press/news/details/1184649?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау