Созақ аудандық мәслихаты учаскелік сайлау комиссияларының құрамдарынан шығып қалғандардың орындарына мүшелермен толықтырулар енгізілетіндігі туралы ХАБАРЛАЙДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Созақ аудандық мәслихаты  учаскелік сайлау комиссияларының құрамдарынан шығып қалғандардың орындарына мүшелермен толықтырулар енгізілетіндігі туралы

ХАБАРЛАЙДЫ

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық заң) 10 – бабына сәйкес, Созақ аудандық мәслихаты он (10) учаскелік сайлау комиссияларының құрамдарынан шығып қалғандардың орындарына мүшелермен толықтырулар енгізілетіндігі туралы хабарлайды.

Учаскелік сайлау комиссияларының сандық құрамы сайлау учаскесіндегі сайлаушы санына байланысты құрылады.

Учаскелік сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі 2029 жылдың 1 қаңтарына дейін.

Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.

Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына  осы партияның мүшесі болып табылмайтын кандидатура ұсынуға құқылы.

Егер саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар  өзге де қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсыныстарына сәйкес  сайлау комиссиясын сайлайды.

 Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссиялары  2026 жылғы 26 наурыздан бастап 24 сәуірге дейін аудандық мәслихатқа мынадай  құжаттарды тапсырады:

  • электрондық және қағаз форматта белгіленген нысан бойынша сайлау комиссиясына ұсынылған кандидатуралар туралы мәліметтерді;
  • тиісті  сайлау комиссияларының құрамына кандидаттар ұсыну туралы  саяси партияның, өзге қоғамдық бірлестіктің,  олардың құрылымдық бөлімшелерінің отырысы хаттамасынын үзінді көшірмесі;
  • саяси партияның, өзге қоғамдық бірлестіктің,  олардың құрылымдық бөлімшелерінің әділет органдарында тіркелгені туралы құжаттың көшірмесі;
  • кандидаттың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы белгіленген нысандағы өтініші.

Өтініштің нысаны Созақ аудандық мәслихатының ресми сайтынан немесе аудандық мәслихат аппаратының №416 кабинетінен алуға болады.

Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылған тұлға сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуі тиіс.

Сайлау комиссиясының мүшесі тиісті сайлау комиссия құрамын құратын маслихат орналасқан   әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында тұруы тиіс.

Сайлау комиссиясының құрамы жартысынан астамы бір үйым қызметкерлері болмауы тиіс, тек сайлау туралы Конституциялық заңының 23 бабы 3 тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда.

Бір сайлау комиссиясының құрамына  жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылар, асырап алынғандар (аға-қарындастар), ата-анасы бір және толық емес тума аға-інілері, аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.

Мәслихатта ұсынылған қағаз форматтағы барлық  құжаттарға қол қойылған, мөрмен расталған болуы және орындалған күнін, орындаушы туралы, оның аты-жөні мен телефон  нөмері көрсетілген белгіні қамтуға тиіс.

Учаскелік сайлау комиссияларының құрамына үміткерлер туралы ұсыныстарды Созақ аудандық мәслихаты мына мекенжайда: Созақ ауданы, Шолаққорған ауылы, Жібек жолы көшесі  №16 ғимаратында Саяси партиялардан, қоғамдық бірлестіктерден және жоғары тұрған сайлау комиссияларынан  2026 жылдың 24 сәуірге дейін дүйсенбі-жұма аралығында сағат 09:00-ден 19:00-ге дейін қабылдайды, түскі үзіліс 13:00-ден 15:00-ге дейін.

Жауапты тұлға  Уалиев Багдат Болатбекович, кабинет №416 қалааралық телефон коды (872546), қызметтік тел. 4-20-26, ұялы тел. 8-702-551-88-20, электрондық почта maslihat_sozak@mail.ru

 

 

 

Cозақ аудандық мәслихаты төмендегі он учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлайды

 

қ/с

Сайлау учаскесінің нөмірі

Орналасқан жері

Сайлау

комиссия мүшелерінің саны

1

690

Түркістан облысы, Созақ ауданы, Шолаққорған ауылдық округі, Шолаққорған ауылы, С.Қожанов көшесі №1А, Түркістан облысының білім басқармасының Созақ ауданының білім бөлімінің «Ә.Молдағұлова атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

1

2

691

Түркістан облысы, Созақ ауданы, Шолаққорған ауылдық округі, Шолаққорған ауылы, Жібек жолы-2 көшесі №72, Түркістан облысының білім басқармасының Созақ ауданының білім бөлімінің «А.Сүлейменов атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

2

3

693

Түркістан облысы, Созақ ауданы, Шолаққорған ауылдық округі, Шолаққорған ауылы, Абылай хан көшесі  №3, Түркістан облысының білім басқармасының Созақ ауданының білім бөлімінің «А.Байтұрсынов атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

1

4

694

Түркістан облысы, Созақ ауданы, Шолаққорған ауылдық округі, Шолаққорған ауылы, Жібек жолы-1 көшесі  №5, Созақ ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Мыңжылқы» мәдениет сарайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ғимараты.

1

5

697

Түркістан облысы, Созақ ауданы, Жартытөбе ауылдық округі, Бабата ауылы, А.Сайлаубеков  көшесі  №5/4, Түркістан облысының білім басқармасының Созақ ауданының білім бөлімінің «М.Мәметова атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

1

6

704

Түркістан облысы, Созақ ауданы, Созақ ауылдық округі, Созақ ауылы, С.Матенбаев көшесі №31А, Созақ ауданының білім бөлімінің «Созақ» мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

1

7

705

Түркістан облысы, Созақ ауданы, Созақ ауылдық округі, Созақ ауылы, Қ.Тоқмұхамедов көшесі №3А, Түркістан облысының білім басқармасының Созақ ауданының білім бөлімінің «Науайы атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

1

8

721

Түркістан облысы, Созақ ауданы, Қыземшек кенті, Тайқоңыр ауылы, Тұлпар көшесі №41, Түркістан облысының білім басқармасының Созақ ауданының білім бөлімінің “Т.Момбеков атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

1

9

892

Түркістан облысы, Созақ ауданы, Шолаққорған ауылдық округі, Шолаққорған ауылы, С.Тоқпанбетов көшесі №1А, Түркістан облысының білім басқармасының Созақ ауданының білім бөлімінің «Нәзір Төреқұлов атындағы ІТ мектеп-лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

1

 

Ескертпе: Сайлау комиссияларының құрамдарында өкілдері бар саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер комиссиялар құрамдарына басқа өкілдер ұсына алмайды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-suzak-maslihat/press/news/details/1185027?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version